Жарықтық мынау, жарқырап туған жарық Ай
* * *
Жарықтық мынау, жарқырап туған жарық Ай,
Қайда кетеді далаға сәулең дарымай.
Зіл қара түндер жүрегін қажап қара Жер
Жұтады сенен, жұтады Күннен сары май.
Табиғат заңы табаны таймай бір елі
Сары май сәуле қамқа құмдарға сіңеді.
Бірінің орнын бірі күзетіп алмасқан
Айналдым сенен, әлемнің егіз жүрегі.
Шығыстан ғана туыңдар сәтте қас-қағым,
Батыстан ешкім күтпейді басқа Ай басқа Күн.
Қара Жер біздің сендерге ғана сенеді,
Алдай көрмеңдер айдай әлемнің аспанын.
1969 ж.