Жансын бұлттар
Жаз ортасы көде қатып, көк семіп,
Елеуіш – Күн, тұр сәулесі екшеліп.
Ұлтабардай ұйып тұрған, кешкілік
Жалған дүние-ай, жанып кетті кексе бұлт.
Көкжиекте тұрып еді бір мезгіл,
Керуен сейіл құрып еді бір мезгіл.
Туған аспан қызыл нұрға қарық боп,
Қоңыр бұлттан түңіледі бір мезгіл.
Қанық нұры айығады арайдың,
Жанған бұлттың жұртына мен қараймын.
Жанғандардың күлі қалса артында,
Тірі қалған дүниеге санаймын.
1969 ж.