Жұлдызыма
Туды тағы төбемде талай жұлдыз,
Жұлдыздарға жәудіреп қараймыз біз.
Қарай-қарай жұғысып арайға арай,
Жанып кетпей жүр екен жанар қалай?..
Жанар қалай жүр екен жанып кетпей,
Қарай-қарай жүректе ғаріп көп қой
Құмарлығым сейілмес… саған ағып,
Жарық кетпей, аспанды жарып кетпей.
16.02.69 ж.