Жарықтық, жазым болмай
* * *
Жарықтық, жазым болмай келді көктем,
Жарық күн жақын келіп төнді көктен.
Жазық қыр көк көдеге қарық болып,
Жайық нұр белді де өпкен, көлді де өпкен.
Буланып бурыл көлден сағым ұшты,
Шуда жіп сәулелерін алып ұшты.
Көзіне көкжиектің жас алдырған
Көрдім мен керемет бір сағынышты!
Балдырда – бақалардың балғын шуы,
Жалбызда – мөлдірейді таңның шығы.
Құя алмай шалқарына суала ма,
Көңілім – қырда қалған қардың суы.