Биылғы көктем…
Биылғы көктем Бірінші Майда шақ келді-ау,
Жасаурап аспан жаңбыры және көп болды-ау.
Жасарып жерге шығып қалғанда жасыл көк
Қара бұлт тұрып қар жаумаққа аспан оқталды-ау.
Соңғы салқындар созылып тұрып сіңірдей,
Шарт сынды бұтақ шағырмақтарға ілінбей.
Түбіріміз бірге талай бұтақтар сынғанда
Аман қалып кеп алдағы күннен түңілмей.
Аяз да өтті, сәуле де жетті алаулап,
Айығып кетті нала мен наздан нарау бақ.
…Көрші бұтақтың омырылып түскен орнына
Қызыл нұр тамады өртенген кештерде талаурап.
27.04.69 ж.