Беу, Лермонтов, беу, Қасым …
Беу, Лермонтов, беу, Қасым, беу, Төлеген,
Өлімдерін ел бекер ерте деген.
Айтшы, шырақ, солардың бір өлеңін
Жазу үшін қанша күн тер төгер ең?..
Бір секундтың ішінде күю, жану
Бір секундтың ішінде сүю, налу.
Оңай шаруа емес-ау ақын жұртқа
Сезім сауып жүректен иінді алу!
25.01.1977 ж.