Әкем шаңырағы
Қарай-қарай шаңырағына,
Мақұл әкем көз жұмған.
Даңқың жоқ-ты дабыра болған,
Ағайын тек сөз қылған.
Сөз қылған да, ат сабылтқан
Топырағыңа үлгіріп.
Аспаныңнан ақша бұлттар
Ақ жауын боп тұрды иіп.
Тума-туыс, балдыз-бажа
Қырық күн үме жатты үйіліп.
Өзектіге жалғыз жаза –
Өкінтті бір ақ бұйрық.
Қырық жыл жиған дүние-мал да,
Қалды қазына – сандығы.
Шаңырағыңа бір қарауға
Нарқы жетпей барлығы.
Әкем кетті…
жастығына
Аршын жастық жастанып.
…Біздің шаңырақ басқұрына
Жабысып тұр қос дәуіт.
25.01.69 ж.