А. Блокқа
Отаныңды артық па, сүйгенім деу,
Сүйгеннен соң еркімді биледің деу,
Сүйгеніңнің артық па, демеп сені,
Сен де оны ілгері сүйредім деу.
Сүйгеніңді артық па, жан-жарым деу,
Жан жарыңды жарығым, жалғаным деу.
Жардың көңілін жалған ғой кірбің етпей,
Кейде өзім де кіртиіп қалмадым деу.
О, Блок!
Ресейді сен жарым депсің,
Көзсіз батыр көреген мәлімдепсің.
Батырлар-ау, көздеген ойды айтпаққа
Махаббатың, әдісің, әлің жетсін!
30.05.81 ж.